Февраль 22, 2017

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету

 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына анықтамаларды алу үшін:

Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

4) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің көшірмесі (нотариустан);

5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

7) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен (бұдан әрі – № 112 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (нотариустан);

4) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

6) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

 

Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу үшін:

Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған көлік құралын иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға көлік құралының меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

4) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

5) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);

6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған көлік құралын иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға көлік құралының меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімінің электрондық көшірмесі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

3) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхаттың не қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

4) көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);

5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

7) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

 

Банктерге кәмелетке толмағандардың мүліктеріне иелік етуге анықтамаларды беру үшін:

Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған банк мүлікін иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға мүлікті меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

4) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

5) банк салымының бар екенін растайтын құжат;

6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған банк мүлікін иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға мүлікті меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімнің электрондық көшірмесі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

3) келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхаттың не қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

4) банк салымының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

7) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).


 

4-қосымша   

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына    
Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы
__________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, телефоны:
азамата (ша) ______________________
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

Сізден, салымшы (Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________
қайтыс болуына байланысты _________ жылғы (куәлік берілген күні)
қайтыс болуы туралы куәлік № _________, __________________ (қор атауы
мұрагерлікке құқық туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі)
жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын кәмелетке
толмаған балалар (Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________
үшін алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

«___» __________20__ жыл ______________________________________
(өтініш берушінің қолы)


 

5-қосымша   

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы
__________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, телефоны:
азамата (ша) ______________________
__________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

Сізден кәмелетке толмаған балалар _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы, туу туралы куәліктің №
көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін»
деген сөзді жазады)
(банк атауы) _____________________________ банктегі салымдарына иелік
етуге (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу)
рұқсат беруіңізді сұраймын.
Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді) _______
_____________________________________________________________________
Анасы туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді) _______
_____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.

«___» __________20__ жыл ____________________________________________                               (Ата-аналардың екеуінің қолдары)


 

 

6-қосымша    

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына   
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы 
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы
__________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, телефоны:
азамата (ша) ______________________
__________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

Сізден кәмелетке толмаған бала (балалар) ______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
меншік құқығында тиесілі көлік құралына қатысты мәміле жасауға
рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.

«___» __________20__ жыл ____________________________________________
(өтініш берушінің қолы)