Февраль 25, 2017

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 87 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін және порталда 5 (бес) жұмыс күні;
2) басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация үшін – 15 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);
4) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электронды құжат түріндегі сұранысы;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, бюджетке алым сомасын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлегенін растайтын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттар тиісті құжаттардың қабылданғанын растау туралы қолхат негізінде жеке (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтайды, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияға өтініштің қабылданғанын растау тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


 

1-қосымша      

«Білім туралы құжаттарға
(түпнұсқалар) апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  

Нысан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті төрағасына
кімнен: ________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
көрсетіледі
мекен жайы _____________________________
________________________________________
байланыс телефоны
_______________________________________
Ұйымның телефоны/факсы
Жұмыс немесе оқу орны/ _________________
_______________________________________

ӨТІНІШ

Менің білім туралы құжатымды апостильдеуді өтінемін (керегін сызыңыз):
1. оқу бағдарламасы,
2. табель,
3. аттестат,
4. колледж, лицей, училище бітіргені туралы диплом,
5. жоғары білім туралы диплом,
6. ҰБТ, ТКТ сертификаты
7. анықтама
8. басқалары
кету елі ____________________________

Мынадай құжаттар тапсырылды:
1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;
3) Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері;
4) Жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы).

Күні                                      Өтініш білдіруші

Мынадай құжаттар тапсырылды:    Төлемақы жасау реквизиттері:

Апостиль – Сарыарқа ауданы
БИН: 981140001115
БИК: ККМFKZ2A
КБК: 108125
КНП: 991
Мемлекеттік баж: 0,5 АЕК бір құжатқа

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
_____________ «____» ___ 20 ___ жылы
(қолы)