БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БІР КҮНДЕ ЕКІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№24 жалпы орта мектеп ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова мектеп директорларымен, содан кейін колледж директорлары мен балабақша меңгерушілерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды талқылау болып табылады.

К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлықпен күресуді тек қана мемлекеттік органдардың міндеті деп қарауға болмайды. Мемлекеттік қызметте болсын, әр азамат өз арының алдында жауап бере алса, заң да мүлтіксіз орындалады деп ойлаймын деді.

Сонымен қатар, Камал Қожахметұлы білім басқармасы басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова қатысушыларға азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында ашылған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ, жиында қоғаммен кері байланыс орнату маңыздылығы да талқыланып, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz  сайты жұмыс жасайтындығы айтылды.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *