Февраль 25, 2017

Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару

“Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша:

салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін көрсетілетін қызметті алушыға – салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге 2008 жылғы 10 желтоқсандағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайыздан азын құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін – қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге Салық кодексінде белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннің ішінде жүргізіледі;

ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде он екі ай қатарынан тұрған және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуі сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде (ұзарту кезеңін есепке ала отырып) белгіленген соңғы күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға дербес білім беру ұйымдарына оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуі сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде (ұзарту кезеңін есепке ала отырып) белгіленген соңғы күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

ҚҚС жөніндегі декларация табыс еткен күні камералдық бақылау нәтижелері бойынша ҚҚС жөніндегі салық есептілігінде көрсетілген деректері мен оның тікелей жеткізушілері мен сатып алушыларының ҚҚС жөніндегі салық есептілігіндегі деректер арасында алшақтықтар анықталмаған салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ көрсетілетін қызметті оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін белгіленген соңғы күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды);

тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған, ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны және қажетті құжаттарды табыс еткен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

ҚҚС қайтару бойынша:

грант қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген грант алушылар, орындаушылар болып табылатын, грант алушылар деп тағайындалған көрсетілетін қызметті алушыларға –қажетті құжаттарды табыс еткен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдік) және осы өкілдіктердің олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, консулдық лауазымды адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық қызметшілер (бұдан әрі – персонал) – салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және ҚҚС төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы:

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген ҚҚС қайтару үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Қосымша:

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (осындай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кеден органының белгісі бар тауарларға декларация, тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорттың кедендік рәсімінде, мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде, уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету жағдайларын қоспағанда, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісі бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға декларацияның көшірмесі;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – толық кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кеден органының белгісі бар тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларацияның көшірмесі (магистралдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде, тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде, тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде);

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауарларды қабылдау-беру актісі (магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде);

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ оның құнының растамасы (зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда);

кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан әкетілген тауарларды немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – оған сәйкес кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларацияның көшірмесі;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде ресімделген кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларация көшірмесі;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезінде кеден аумағында қайта өңдеу (ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендік жүк декларациясының көшірмесі, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларацияның көшірмесі;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – оған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шетел мемлекетінің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне ауыстыру жүргізілген кедендік жүк декларациясының көшірмесі, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларация көшірмесі;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;

3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі (ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде);

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық тасымалдау бойынша жүктерді тасымалдау кезінде қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауар-көлік жүкқұжаты, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар халықаралық автомобиль қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жүкқұжат, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты, көрсетілетін қызметті алушылар коносаментті немесе жүкқұжатты теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – есептілік кезең үшін әрбір магистральдық құбыр бойынша тауарлардың транзиттік көлеміне арналған кедендік жүк декларациясы, 2011 жылғы қаңтардан бастап есептік кезең ішінде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есептік кезең ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері, 2011 жылғы қаңтардан бастап көрсетілген тауарларды жеткізуді бұрын жүзеге асырған сатушыдан не басқа тұлғалардан көрсетілген тауарларды одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын сатып алушыға немесе басқа тұлғаға орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шот-фактуралар;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары, көрсетілетін қызметті алушылар автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдауды тұрақты тасымалдау кезінде табыс етеді;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жолаушылардың тізімі, көрсетілетін қызметті алушылар автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдауды тұрақты емес тасымалдау кезінде табыс етеді;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – бас декларация, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

7) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жолаушы манифесі, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

8) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – карго-манифест, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

9) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – лоджит (орталық-тиеу кестесі), көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

10) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж түбіртегі), көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шетелдік авиакомпанияның өтінімі (ол тіркелген мемлекет, әуе кемесінің болжамды қону күні көрсетіле отырып) және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі) – (тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде); шетелдік әуе кемесі форс-мажорлық жағдайлар салдарынан қонған кезде өтінім толтырылмайды;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап (авиакомпания атауы, құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері, әуе кемесіне май құйылған күн, әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары);

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты тауарларды кедендік тазарту және шығару жөніндегі кедендік рәсімдер көзделмеген рейстерді қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құйылған жағдайда – халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын, кеден органының белгісі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (авиакомпаниялар бөлігінде) келісімімен уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшерін растайтын қорытындысы;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) аумақтарында тауарларды өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – АЭА аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізу шарты (келісімшарты);

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қызметін импортталатын тауарлар ҚҚС-нан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламаларын орындауға арналғандығын көрсете отырып, осындай салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осындай салық төлеушілерге тауарлар тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осындай салық төлеушілердің тауарларды алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде:

1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесі;

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

3) ҚҚС қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиеп-жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжат;

5) ҚҚС сомасын бөлек жазып көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы (ҚҚС төлеуші болып табылатын жеткізуші) жазып берген шот-фактура;

6) жүкқұжат, тауар-көлік жүкқұжаты;

7) көрсетілетін қызметті алушының (грант алушының немесе орындаушының) материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатын;

8) көрсетілетін қызметті алушы (грант алушы немесе белгіленген тәртіппен ресімделген жұмыстарды, қызметтерді орындаушы) орындаған және қабылдаған акті;

9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына ҚҚС қайтару кезінде:

1) жиынтық ведомосі (тізілім);

қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар).

Қайтару туралы талабымен ҚҚС жөніндегі декларацияны көрсетілетін қызметті алушылар Салық төлеушінің кабинеті арқылы немесе салық органында орнатылған салық төлеушінің терминалы арқылы СЕӨС бойынша электрондық түрде табыс ете алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген салық органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы табыс ететін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңі үшін, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап ету мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша табыс етеді.

Келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілетін салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

порталға; ҚҚС асып кетуін қайтару үшін жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


 

Қосымша

“Салықтардың, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің,
өсімпұлдардың, айыппұлдардың
төленген сомаларын есепке жатқызуды
және қайтаруды жүргізу” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша