Болашақ заңгерлермен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Заң факультетінің 1-курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында тәрбиелік кездесу өткізді.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, Нұр Отан партиясының өкілі С.Мәжінбеков, университеттің аға тәлімгері С.Бейсенов, Саналы ұрпақ клубының мүшесі            Ә.Дінислам, ПОҚ және студенттер қатысты.

Кездесу барысында Мобильді топ мүшелері жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік  қағидасын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыру ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық күрес шараларын күшейтумен, оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл кою ең басты міндеттердің бірі екендігі айтылды.

«Саналы ұрпақ» клубының мүшесі клубтың жұмысымен, құрамымен таныстыра отырып, студенттерді клуб мүшесі болуға шақырды. Ендігі кезекте індетті жеңудің кешенді жолдарын қарастырып,ортақ мақсатқа жалпы жұртты жұмылдыру маңызды  мәселелердің бірі екендігі айтылды.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар қызықтырған сауалдарға жауап алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *