БИЛЕТ, БИЛЕТ… ЖОЛАУШЫНЫ “БИЛЕТ”!.. – 02

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті аясында Жемқорлыққа қарсы Арнайы мониторингтік топтың жұмысқа кіріскеніне бірнеше айдың жүзі болды. Өткен аптада біз Шымкент қаласындағы теміржол вокзалына рейдтік шара ұйымдастырдық. Сондағы анықтағанымыз:
1) Вокзал кассаларында алдағы он күнге дейін еш билет жоқ екен.
2) Қолдан билет сататын саудагерлер болса, кез-келген бағытта кез-келген уақытқа “заңды” қылып билет алып бере алады. Тек “шақасы” шамалы қымбаттау.
3) Шымкенттен Қарағандыға плацкартпен жету үшін – 25 000 (мемлекеттік бағасы 3 600) теңге, купемен – 30 000 (мемлекеттік бағасы 6000) теңге. Саудагерлерге осыдан екі-ақ мың қалады екен!..
Жасырын бейнекамерамен түсірген айғағымызды назарларыңызға ұсынамыз.

https://vk.com/id397891965?w=wall397891965_789

(Ә.Ә.)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *