Февраль 25, 2017

Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару

“Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

БКМ есепке қою, БКМ есептен шығару, БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, БКМ тіркеу карточкасындағы мәліметтер өзгерген немесе онда көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі жоқ болған, ол жоғалған (бүлінген) жағдайда оны ауыстыру, қолма-қол ақшаларды есепке алу кітаптарын және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) – салықтық өтінішті тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

ақауды жою үшін БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау – салықтық өтінішті қабылдау күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) БКМ есепке қою, есептен шығару, БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат алу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

2) БКМ есепке қою және есептен шығару, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, техникалық ақаулық жойылғаннан кейін пломба орнату үшін – салық төлеуші туралы мәліметтер қамтылған БКМ;

3) БКМ есепке қою, есептен шығару (компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ қоспағанда), қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін – БКМ жасаушы зауыттың паспорты;

4) БКМ есепке қою, есептен шығару (компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ қоспағанда), қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін – нөмірленген, тігілген, көрсетілетін қызметті алушының қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаларды есепке алу және тауар чектерінің кітаптары;

5) БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ есептен шығару үшін – БКМ тіркеу карточкасы;

6) қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ есептен шығару үшін – салық органы орнатқан пломбасы бар БКМ;

7) БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсатты алу (БКМ техникалық ақаулығы жағдайында) үшін – жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысы;

8) БКМ тіркеу карточкасында көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда оны ауыстыру үшін – көрсетілетін қызметті алушыда сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);

9) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

10) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

11) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің “Салық инспекторының жұмыс орны” модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына деректерді;

12) салық органдарына ақша есептері туралы деректерді беруді жүзеге асыру үшін көрсетілетін байланыс қызметтері бойынша фискальдық деректер операторымен жасалған келісімнің көшірмесі беріледі.

Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Қызмет алушының мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар деректерінің мәліметтерін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларымен ЭСҚ расталған, электронды деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


 

1-қосымша

“Бақылау-касса машиналарын (БКМ)
есепке қою және есептен шығару”
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына

 


 

2-қосымша

“Бақылау-касса машиналарын (БКМ)
есепке қою және есептен шығару”
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 


 

3-қосымша

“Бақылау-касса машиналарын (БКМ)
есепке қою және есептен шығару”
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына