БАСШЫ ЛАУАЗЫМДАРҒА ІРІКТЕУДІҢ АШЫҚТЫЛЫҒЫ

Жергілікті мемлекеттік органдардағы басшы лауазымдарға өткізілетін конкурстардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов ағымдағы жылдың 4 наурызында Шымкент қаласы әкімі аппаратында өткен әңгімелесу рәсіміне уәкілетті органның өкілі ретінде қатысты.

Конкурс Шымкент қаласының Сәулет жане қала құрылысы басқармасының басшысы, Абай ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, бірқатар атқарушы лауазымдарға өткізілді.

Сонымен қатар, әңгімелесу рәсіміне үкіметтік емес ұйымдардан келген байқаушылар мен тиісті сарапшылардың қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *