2018 жылдың 5 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Өткізілген іс-шарада Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолдары және оған қатысты ұсыныстар, Мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың міндеттері, олардың жұмыстарының тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметті алушыларға сыпайылық таныту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау мәселелері түсіндірілді.