Февраль 25, 2017

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру

Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 6 қосымша

«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; (ОҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы)

2) www.e.gov.kz , www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) порталда:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жануарлар дүниесін пайдалану туралы рұқсатын, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.


 

Қосымша  

 «Балықтың қайдан ауланғаны
туралы анықтама беру» 
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
қосымша        

Нысан

______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
______________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының реквизиттері_________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруін сұраймын.
Ауланған балық бойынша ақпарат:


р/р
Балық және басқа да су жануарларының түрлері Балықтың мөлшері (тонна) Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің орналасқан жері
Барлық ауланған балықтың мөлшері (тонна)

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және күні ___________
Көлік жүк құжатының нөмірі және күні ____жылғы________________ № ____
Сату-сатып алу шартының нөмірі және күні ____жылғы_____________ № ___
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішті берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)