Февраль 25, 2017

“Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 9-қосымша

           

“Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды
тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) жәрдемақыларды тағайындау және жәрдемақыларды тағайындау жөнінде ақпарат алу бойынша www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

           

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

 

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

 

Мемлекеттік корпорацияға:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;

өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.
порталда:

жәрдемақыны тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды электрондық үкімет порталы арқылы тағайындауға арналған өтініш;

жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірменің (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәліктің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банк шоты нөмірінің мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.


 

1-қосымша

“Бала туғанда берілетін және бала
күтімі бойынша жәрдемақыларды
тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарт жобасына

   

Нысан
   Бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыны тағайындауға арналған
өтініш

Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің _________________
облысы (қаласы) бойынша департаменті
Бөлімше коды:________
Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанатбелгі қою): ата-ана ____
қорғаншы (қамқоршы)____
ЖСН: __________________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса): _____________________________________
Туған күні: _____ жылғы “___” _____________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: ________________________________
Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: _______ кім берген: _____
Берілген күні: “___” _________________ _______ жыл.
Тұрғылықты тұратын мекенжайы: ______________________________________
Облыс _____________________________________________________________
қала (аудан) ________________________ ауыл: _________________________
көше (шағынаудан)_______________ _______ үй _____ пәтер ____________
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер
баланың ЖСН-і: _____________________________________________
баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________________________________________________________
Баланың туған күні: “____” _________________ 20___жыл.
Баланың туу кезектілігі: ____________________________________________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

Р/с
ЖСН Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өтініш берушіге туыстық қатынасы Туған күні, жылы
2        
3        

 

Банк деректемелері:
Банктің атауы _______________________________________________________
Банк шотының № ____________________________________________________
шоттың түрі: ағымдық ____ карточкалық шот ____
Маған бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыны республикалық бюджет қаражаты есебінен тағайындауды сұраймын (қажеттінің астын сызу).
Бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.
Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны _________________ ұялы _______________ Е-маіl ______________
“____”____________20___жыл. Өтініш берушінің қолы___________________
Өтініш 20___жылғы “____”____________ №___ болып қабылданды.
Құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы___________________________________________________