Февраль 22, 2017

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбалар өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбалар өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);

4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;

шетелдіктер қосымша:

6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы ұсынылады.

Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;

2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).

 

Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда мыналар:

1) ата-анасының түсініктемесі;

2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса берелді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) туу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;

5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.

 


 

1-қосымша    

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
         

 

Нысан

____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
тұратын мекенжайы:__________________
____________________________________
тел. № _____________________________

Тууды мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

Бала туралы мәлімет:
Аты___________________Әкесінің аты (бар болса) ______________________
Тегі_________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»______________ Жынысы __________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Саны бойынша анасының нешінші баласы ________________________________
Баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәлімет
_____________________________________________________________________
Баланың заңды мекенжайы _____________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты ___________________ Әкесінің аты (бар болса) ____________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»____________ Ұлты_______________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны _____________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты ____________________ Әкесінің аты (бар болса) ___________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_____________ Ұлты______________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны _____________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________

20____жылғы «____»_____________ Қолы _____________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына
сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

 

20__ жылғы «___» _____________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
__________ 20__ жылғы «___» _____________
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
Журнал бойынша № ___

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

туу тіркеу туралы өтініш 20___ жылғы «__»__________қарауға қабылданды

Қарау нәтижелері 20___ жылғы «___»_______________ хабарланатын болады

Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)


 

2-қосымша      

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде  
азаматтық хал актілерінің жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен    
түзетулер енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
         

 

Нысан

____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
тұратын мекенжайы:__________________
____________________________________
тел. № _____________________________

Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу) өтініш

_______________ туралы ________ жылғы «___»___№ _______ акт жазбасына
мынадай өзгерістерді, түзетулерді, толықтыруларды ___________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері________________________________________________________
4. Ұлты______________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
және туған жері _____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет өткеретін әскери бөлімнің атауы ___________________________
_____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлерінің нақты тізбесі және уақыты ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болған немесе өтелмеген немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда,
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекеттік
органдарға тиісті сұрау салуды жіберу үшін, бұл туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме
_____________________________________________________________________
14. Өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу
қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3) ______________________________ 6) ________________________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл ________________ қолы

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20____ жылғы «_____» ____________ өзгерістерді, толықтырулар мен
түзетулерді енгізу туралы өтініш қарауға қабылданды
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» ___________ хабарланатын болады

Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)