«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш;
4) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
5) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
6) білімі туралы мәлімет.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) білімі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі.