Февраль 25, 2017

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу

“Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) “электрондық үкіметтің”: www.egov.kz веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;

2) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

3) бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалану үшін өзге негіздемелерде жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделетін үй–жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;

5) егер олардың міндеттемесін алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, бөлшек саудаға рұқсат беретін немесе тіркеу құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

портал арқылы:

1) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі–ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;

2) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаудың электрондық көшірмелері;

3) бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға өзге негіздемелерде жарамды үй–жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері;

4) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделетін үй–жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбаларының электрондық көшірмелері;

Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасымалдағышында өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша

 

“Бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізіліміне енгізу” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
_______________________________________      Нысан

заңды тұлғаның толық атауы

_______________________________________

заңды тұлға

_______________________________________

іс-жүзіндегі мекен-жайы

_______________________________________

БСН

_______________________________________

электрондық мекен-жайы, веб-сайты

_______________________________________

уәкілетті органның атауы

 

Өтініш

 

Сізден, “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, бізді, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуді сұраймыз.

Біздің қарамағында:

Өтініш берушінің атауы туралы, орналасқан жері туралы, банктерде шот ашқандығы туралы мәліметтер____________________________

_____________________________________________________________________

Өтініш берушінің иелігіндегі және бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар туралы, олардың орналасқан жері туралы, жайластырылуы туралы мәліметтер______________________________

_____________________________________________________________________

Егер олардың міндеттемесін алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, бөлшек саудаға рұқсат беретін немесе тіркеу құжаттардың бар болуы туралы мәліметтер______________________________

_____________________________________________________________________

Меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі____________

_____________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісім__________________________________________________

_________________________ берген күні:________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)