Февраль 21, 2017

Ақталған адамға куәлік беру

«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы).

      

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап:
куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақталған адамға куәлік (телнұсқасын) беру туралы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келіп жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтініштің үзбелі талонының негізінде беріледі.


 

1-қосымша

“Ақталған адамға
куәлік беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

Нысан
___________________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________________________________
(тұратын мекенжайы)

Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы
өтініш

“Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.
Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___жылғы “__” __________ _______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды: ____________________________________________ қабылдады.
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
20___жылғы “__” _________ ____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
——————————————————————–
(қию сызығы)

Үзбелі
талон
________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20_____ ж. “___” ___________ (көрсететін қызметті алу күні өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні) 20_____ ж. “___” ___________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы мен қолы