Февраль 21, 2017

Ағаш кесу және орман билетін беру

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығы)

 

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

Мемлекеттік қызметті мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі –көрсетілетін    қызметті            беруші)         көрсетеді.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз түрінде өтініштің            қабылданғанын      растау            болып            табылады.
Жеке басты куәландыру туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті жүйелерден         алады.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет            көрсетуден   бас     тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің)            дұрыс            еместігі        белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгіленген            талаптарға   сәйкес           келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.


 

Қосымша             

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша      

Нысан

_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ сұраймын.
(учаскенің атауы)

Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық
жайында хабардармын.

Өтініш беруші
_____________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны (болса)
20 жылғы « »