Февраль 21, 2017

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру

 «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыз № 271 бұйрығы).

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша өкілеттілігін растайтын заңды тұлғаның, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне және неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру кезінде – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
– суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру кезінде – облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;
5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңын, пайдаланылу түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеу актiсi және түрлендіруге жататын анықталған жерлері көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және ауыл шаруашылығы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушыларының (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеу сызбасы;
6) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы баланстық құны мен тозу сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорлардың одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса берумен суару желісінің техникалық жағдайы туралы мәліметтер.
Құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген талон – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауының растауы болып табылады.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.


 

Қосымша 

«Ауыл шаруашылығы     
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
қосымша      

нысан

_____________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар
_____________________________________
қаланың) әкімі
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________
(ЖСН (БСН), жеке немесе заңды тұлғаның
_____________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың
_____________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________
мекенжайы)

Өтініш

_____________________________________________________________ бойынша
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________, кадастрлық нөмір _____________, алаңы _____________ гектар ауыл шаруашылық алқабын
__________________________________________________________ байланысты
(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)
бір түрден екінші түрге (алқап түрін көрсету керек) ауыстыруыңызды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші _________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды
тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)