Февраль 21, 2017

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен

 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:
көтерме жәрдемақы – күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы – күнтізбелік 32 (отыз екі) күн;
Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит – 30 (отыз) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды растау тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, телефоны, өтініш берген күні көрсетілген және өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы қойылған қолхат ұсынылады.
9-1. Әлеуметтік қолдау ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.
9-2. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген анық емес құжаттар ұсынған және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.


 

1-қосымша      

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс  
істеуге және тұруға келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік  
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
стандартына   

Нысан

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім

Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң мәні

Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

  1. Әкiмшi:
    1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
    2. Әкiмшi:
    1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
    3. Алушының:
    1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
    2) үш жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
    4. Алушы:
    1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
    2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
    3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
    4) жыл сайын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;
    4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
    5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
    1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
    2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
    6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
    1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
    2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
    3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

1) Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм 20___ жылғы «__»____________ бастап қолданылады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекенжайлары

Әкiмшi            Алушы         Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
__________________  _______________  ________________________________
__________________  _______________  ________________________________
__________________  _______________  ________________________________


 

2-қосымша    

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс  
істеуге және тұруға келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік  
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
стандартына     

____________________________ облысы
_________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
___________________________________
тегi, аты-жөнi
___________________________________
Мекенжайы бойынша тұратын өтiнiш
берушiнiң
___________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
___________________________________
жұмыс орны, лауазымы

Нысан

Өтініш

Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiледі) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
күнi      қолы
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы «___» _______
________  ____________________________________________________
қолы       құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
(кесу сызығы)

Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
________  ___________________________________________________
қолы       құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.