Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) облыстық сотпен бірлескен жұмыстар жүргізді.
Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы және Еңбекші аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар, сот кабинетін дәріптеу.
Іс-шарада Гүлмира Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы туралы айтып өтті.
Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Едігеұлы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен тікелей байланысты төмендету, халық арасында сот кабинетін дәріптеу бойынша сот органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.