АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні Қаратау ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті.

Іс-шараға аудан әкімі И.Кантураев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, аудан аумағындағы коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.

Семинар барысында Гүлмира Төлегенқызы Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *