Февраль 25, 2017

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға өтініш берілген сәттен бастап:
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;
жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол, пошта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:
осы қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы өтініш;
кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың көшірмесі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қортындылар;
қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтамалар, атыс жөніндегі нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжат;
мыналарды:
ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың;
мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасқан жердің;
үй-жайлар орналасқан жердің схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының көшірмесі;
Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қорытындысы (атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда).
Құжаттардың көшірмелері ұйымның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның мөрімен (бар болса) және қолымен куәландырылады.
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың электрондық көшірмесі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қортындылардың электрондық көшірмесі;
қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың, атыс бойынша нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мыналарды:
ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың;
мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасқан жерінің;
үй-жайлардың орналасқан жерінің схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының электрондық көшірмесі;
Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігі қорытындысының электрондық көшірмесі (атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда);
осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне берілген рұқсатқа мәліметтер нысаны.


 

1-қосымша          

Атыс тирлері (атыс орындары) мен
стендтерін ашу және олардың жұмыс
істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға рұқсат алуға
өтініш

_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
(жеке және заңды тұлғаның толық атауы, ЖСН, БСН)
_____________________________________________________________________
(атыс тирлері (атыс орындары) немесе стендтерді көрсету)

ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беруіңізді сұраймын.
Заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы,үйдің /ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар___________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшоты ____________________________________________________
(есеп шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Қызметті жүзеге асыратын мекенжайы __________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі.

Осымен:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және
оларға атыс тирлерін (атыс орындарын) немесе стендтерді ашу және
олардың жұмыс істеу құқығына рұқсат беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген қызмет түрімен
айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды
болып табылатыны расталады.

Басшы ________    ___________________________________________________
(қолы)         (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны          Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________________
бар болса


 

2-қосымша      

Атыс тирлері (атыс орындары) мен
стендтерін ашу және олардың жұмыс
істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға рұқсатқа
мәліметтер нысаны

Жалпы ақпарат

  1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
    (заңды тұлға)
    2. БСН_______________________________________________________________
    3. ЗТ атауы _________________________________________________________
    4. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеуіне
    жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдардың тегі, аты, әкесінің аты
    (болған жағдайда), ЖСН ______________________________________________
    _____________________________________________________________________
    5. Сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, қол
    қойған күні _________________________________________________________
    6. Техникалық нығайтылуын, күзет және өрт сигнализациясының
    бар-жоғын, өткізу режимін, қару мен оның патрондарын сақтау
    жағдайларын сипаттау;
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________
    Өтініш берген күн___________________________________________ ________
    (лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)  (қолы)