Февраль 24, 2017

Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11222 болып тіркелді

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №299 бұйрығына 1-қосымша

 

«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; (Атомдық эәне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаменті)

«электрондық үкімет» веб-порталы www.еgov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берген сәттен бастап:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні мынадай жағдайларда:

 

заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;

«объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;

Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болғанда;

заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылғанында;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері бойынша бюджетке лицензиялық алым төлейді:

1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 100 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанында екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
    

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

 

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші (бұдан әрі – заңды тұлғаның өтініші);

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың көшірмелері);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).

 

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

4) бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда және лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:

 

еркін нысандағы өтініш;

лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

 

Порталға:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған заңды тұлғаның осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініші;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне құжаттардың электронды көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың электронды көшірмелері);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).

 

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

 

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электронды көшірмелері.

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;

заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

4) бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда және лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы ЭҮТШ арқылы төлеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа көшіреді және лицензияның электрондық нысанын алады.


 

 1-қосымша

 «Атом энергиясын пайдалану  
 объектілерінің тіршілік циклінің
 кезеңдеріне байланысты   
 жұмыстарды орындауға лицензия 
 беру» мемлекеттік       
 көрсетілетін қызмет стандартына
            

Нысан

 

            Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
нөмірі)

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары _________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Басшы _______________ _______________________________________________
қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны              Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________