АРЫС ҚАЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 6 тамыз күні Арыс қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжілісті қала әкімі М.Қадырбек ашып берді.

Сондай-ақ, іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаменті Сырдария ауданаралық басқармасының басшысы Ә.Зейнабилов, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Омаров, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, ауыл округтерінің әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, дербес бөлімдер мен кәсіпорын мекемелерінің,тұрғын үй кооперативтерінің, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.

Мәжілісте сөз алған аумақтық Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік қызмет институттарына қоғамның сенімін арттыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Департамент тарапынан жасалған memkyzmet.kz сайты туралы қатысушыларды хабардар етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *