Февраль 25, 2017

Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда)

“Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда)
есепке алу-бақылау таңбаларын беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе көрсетілетін қызметті берушінің “Алкоголь өнімнің өндірісі мен айналымын голографиялық қорғау элементі бар есепке алу-бақылау таңбаларын қолданумен бақылау” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕБТ АЖ) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған (бұдан әрі – алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі – ЕБТ) және жүкқұжат беруді көрсетілетін қызметті беруші ЕБТ-на тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін ЕБТ АЖ арқылы келіп түскен және құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ арқылы табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде келіседі;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес ЕБТ АЖ арқылы ЕБТ жасау үшін өтінімдер (бұдан әрі – алдағы жылға арналған өтінімдер) – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

2) әрбір сатып алушыға бөлек осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш – ЕБТ АЖ арқылы алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында;

3) соның негізінде акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) (алкоголь өнімін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінім беру кезінде) көшірмесі;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕБТ алу үшін ЕБТ АЖ арқылы және қағаз түрінде өтініштің тұпнұсқасы;

5) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті қызметкерінің атына ЕБТ алуға берілген сенімхаттың түпнұсқасы, көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып;

6) акциздерді төлегенін растайтын төлем құжаты.

Алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін жаңадан құрған немесе қызметін бастаған көрсетілетін қызметті алушылар ЕБТ жасау үшін ЕБТ алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп осы стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ЕБТ АЖ арқылы табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде ЕБТ-дың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.

ЕБТ жасап шығарғаны үшін есеп айырысулар жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне көрсетілетін қызметті алушыларға ЕБМ берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің материалдық-жауапты адамы екі тарап қол қоятын екі данада жүкқұжат жазып береді. Жүкқұжаттың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Көрсетілетін қызмет алушыларға Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне ЕБТ берген кезде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші дана көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі (екінші дана – Кеден органына табыс ету үшін), үшінші дана көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының аталған құжаттарының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЕБТ АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ журналында құжаттар топтамасының қабылдағаны туралы хабарлама алады.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.


 

1-қосымша

“Алкоголь өніміне (шарап материалы
мен сыраны қоспағанда) есепке
алу-бақылау таңбаларын беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

_____________________________________

(салық органының атауы)

_____________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

_____________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь
өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі
өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)

мың дана

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша Желто қсан жылына барлығы Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз “парақтық” немесе “қиылған”)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

 

Басшы __________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер___________________________________________

(Т.А.Ә.)

М.О.


 

2-қосымша

“Алкоголь өніміне (шарап материалы
мен сыраны қоспағанда) есепке
алу-бақылау таңбаларын беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

__________________________________

(салық органының атауы)

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

___________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь
өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі
өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)

мың дана

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан жылына барлығы Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз, “парақтық” немесе “қиылған”)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

 

Басшы _________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер__________________________________________

(Т.А.Ә.)

М.О.


 

3-қосымша

“Алкоголь өніміне (шарап материалы
мен сыраны қоспағанда) есепке
алу-бақылау таңбаларын беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

(салық органының атауы)      __________________________________

__________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

 

Есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін
өтініш

_____________________________________________________________________

(алушының түрі: өндіруші, үшінші елдерден импорттаушы, Кеден одағының елдерінен импорттаушы)

_____________________________________________________________________

(алушының атауы, БСН/ЖСН -і, мекенжайы)

саны_______________________________________________________данада

(жазбаша)

есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруды сұрайды.

Есепке алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды шығару үшін қажет:

____________________________________________________________________

(алкоголь өнімі үшін: сыйымдылығын, күштілігін, сатып алушының атауын, құю күнін, шығу елін, өнімнің түрі мен атауын, сәйкестік сертификатын; импорттаушылар үшін шарттың (келісімшарттың) нөмірін көрсете отырып, өнімнің түрі мен атауы)

өнімнің пин-коды:____________________________________________________

өнімнің бір бірлігінің бағасы:

_______________________________________________________________ теңге

Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша ______________________

төлем құжатымен № ______________ “___” ________ 20____ жылы

сомасында ___________________________________________шотына енгізілді

(сомасы жазбаша)

Акциз төлемі үшін ақша ___________________________________ есеп шотына

төлем құжатымен № _______ “___” _____________ 20___жылы

сомасында __________________________________________________енгізілді

(сомасы жазбаша)

Басшы _______________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер _______________________________________________________

(Т.А.Ә.)


 

4-қосымша

“Алкоголь өніміне (шарап материалы
мен сыраны қоспағанда) есепке
алу-бақылау таңбаларын беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

(салық органының атауы)      __________________________________

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

 

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға
өтініш

_______________________________________________________________

(алушының атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН-і)

“____” саны _____________________________________________ данада

(жазбаша)

есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.

Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(сомасы жазбаша)

сомасында 20_____жылғы “____”_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді

Акцизді төлеу үшін ақша _____________________________________________

(сомасы жазбаша)

сомасында 20_____жылғы “____”_______________ № _______төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді

Басшы__________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер__________________________________________________

(Т.А.Ә.)