Февраль 22, 2017

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру

«Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЖӘБО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру туралы өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
есептік-әскери құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама);
Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру туралы өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
есептік-әскери құжат (тіркеу туралы куәлікәскери билет,  уақытша куәлік (әскери билеттің орнына), әскери билеттің орнына анықтама).
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.


 

1-қосымша        

«Азаматтың әскери қызметке қатынасы    
туралы анықтамалар беру»          
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
          

Нысан

_______________________
(облысы)
_______________________
(ауданы (қаласы)
қорғаныс істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беруге өтініш

  1. ___________________________________________________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
    2. ___________________________________________________________
    (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке
    сәйкестендіру нөмірі)
    3. ___________________________________________________________
    (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
    4. ___________________________________________________________
    (отбасы жағдайы)
    5. ___________________________________________________________
    (тұрғылықты мекенжайы)
    6. ___________________________________________________________
    (соңғы жұмыс орны және атқаратын лауазымы)
    ______________________________________________________________
    (себебін көрсету)

байланысты тапсырылған әскери билеттің (әскери билеттің орнына
уақытша куәлік), тіркеу туралы куәліктің орнына анықтама беруіңізді
сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________________ 20__жылғы «___»________ ____________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                       (қолы)