Февраль 21, 2017

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

 «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі жүгінген кезде азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;

4) көрсетілетін қызметті алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі не Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса – оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);

6) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);

7) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті;

8) мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.

Қосымша мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген азаматтық хал актілері жазбаларын мемлекеттік тіркеу жағдайларынан басқа):

9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;

10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;

12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);

13) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

14) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

 

Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.


 

1-қосымша 

«Азаматтық хал актілерінің
жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
 

Нысан

___________________________________
___________________________________
(тіркеуші органның атауы)
___________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
мекенжайы:
___________________________________
___________________________________
Тел. № ____________________________

 

Акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш

Мына ___________________ акті жазбасын қалпына келтіруіңізді сұраймын
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері________________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
және туған күні және туған жері _____________________________________
8. Аға-інілерінің, апа-сіңілілерінің, қарындастарының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі және туған күні, олардың туған жері ___________
9. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
10. Қайда және кім болып жұмыс істейді ______________________________
11. Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті немесе әскери міндетті
емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________
_____________________________________________________________________
12. Тұрған жерлерінің нақты атаулары және уақыты ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке қоса беремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3)_______________________________ 6) ________________________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
20__ жылғы «______» _______________________ қолы
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушы лауазымды адамның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20____ жылғы «____» _______ акті жазбасын қалпына келтіру туралы
өтініш қарауға қабылданды

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «____» ____________ хабарланатын болады
Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)


 

2-қосымша    

 

 

«Азаматтық хал актілерінің 

жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына  
 

Нысан

___________________________________
___________________________________
(тіркеуші органның атауы)
___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
___________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
жеке куәлік № _____________________
(нөмірі, кім және қашан берген)

 

Сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы
өтініш

______________________________________________________________ туралы
« » заңды күшіне енген сот шешімі негізінде (сот атауы)
акт жазбасын қалпына келтіруіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасы жағдайы ___________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, туған күні және жері __________________________________________
8. Аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастарының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, туған күні мен жері және олардың тұратын
жері ________________________________________________________________
9. Жеке басты куәландыратын құжат ___________________________________
10. Қайда және кім болып жұмыс істейді ______________________________
11. Әскери қызметке қатыстылығы:
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет ететін әскери бөлімнің атауы ______________________________
_____________________________________________________________________
12. Тұрған уақытын көрсете отырып тұрған жерлерінің толық тізбесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны
туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________ 3)_________________________________
2) ______________________________ 4)_________________________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
20__ жылғы «______» _______________________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты, тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20____ жылғы «____» _______ акті жазбасын қалпына келтіру туралы
өтініш қарауға қабылданды

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «____» ____________ хабарланатын болады
Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)