Февраль 25, 2017

«Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ төрт АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін:
заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші;
бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсат алуға үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтама.
Қосымша:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы;
техникалық құжаттама, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база туралы аттестаттың көшірмесі;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы;
меншік құқығындағы немесе жабдықтар мен аппаратураларды жалға алу, өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттар;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттар;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттар;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар (дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайда пиротехникалық бұйымдарды тиесілік нормасынан тыс сақтаған жағдайда);
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттар;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
«электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
еркін нысандағы өтініш;
бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
1) порталда:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсат алуға үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық)жоқтығы туралы медициналық анықтама.
Қосымша:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығының электрондық көшірмесі;
техникалық құжаттаманың, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база туралы аттестаттың электрондық көшірмесі;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығының электрондық көшірмелері;
меншік құқығындағы немесе жабдықтар мен аппаратураларды жалға алу, өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмелері;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттардың электрондық көшірмелері;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:
дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар (дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайда пиротехникалық бұйымдарды тиесілік нормасынан тыс сақтаған жағдайда);
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалғанбұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегіқызметке арналған лицензияға мәліметтер нысаны;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;
«электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
«электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.


 

1-қосымша  

«Азаматтық пиротехникалық заттар 

мен олар қолданып жасалған   
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату,
пайдалану және сатып алу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет cтандартына 

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға (қайта ресімдеуге) өтiнiші

___________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

___________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(лер)ін көрсету керек)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште беруiңiздi (қайта ресімдеуге) сұраймын ______________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет

___________________________________________________________________
болған жағдайда Х белгісін қою керек)

Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

___________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

Электрондық почта ___________________Телефондары ____________

Факс ______________Банктік шоты ____________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы ______________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді

___________________________________________________________________
мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

__________________парақта қоса беріліп отыр.

Осы арқылы:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кішітүрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

Басшы __________ ___________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтырылған күні: 20___жылғы « » __________


 

2-қосымша 

«Азаматтық пиротехникалық заттар
мен олар қолданып жасалған   
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату,
пайдалану және сатып алу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет cтандартына  

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны

Жалпы ақпарат

  1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
    (заңды және жеке тұлға)
    2. ЖСН/БСН___________________________________________________________
    3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің
    нөмірі ______________________________________________________________
    Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
    Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________
    5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________
    6. Лицензиялық алымды төлеу сомасы___________________________________
    Төлеген күні ________________________________________________________
    Төлем банкі (банктің филиалы) _______________________________________
    Есепке алу журналы (кіріс, шығыс) ___________________________________
    7. Журналды бастаған күн_____________________________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    8. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны
    берген органның атауы _______________________________________________

Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

Өтініш берген күн_____________________________________________ ______
(лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)   (қолы)