Февраль 25, 2017

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакеті мен сынау объектілерін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 20 (жиырма) күн;

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған стандарттау бойынша нормативтік құжаттар, фирманың каталогы, қару паспортының түпнұсқасы және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы қару (бұйым) нөмірлерінің тізбесі;
4) сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде:
өзін-өзі қорғау және белгі беру қаруы – әр модельден немесе модификациядан кемінде 20 дана патронымен (газды қару үшін қосымша кемінде 15 дана бос патрон ұсынылады) 3 дана;
қызметтік, спорттық және аңшылық қару – әр модельден немесе модификациядан кемінде 30 дана патронымен (снарядымен) 2 дана;
конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйым – әр модельден немесе модификациядан 4 дана;
қызметтік және азаматтық қаруға патрондар – әзірлеуші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде 20 дана;
суық және лақтыратын қаруды, сондай-ақ сыртқы құрылысы бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде:
сұқпалы суық және лақтыратын қару болып табылатын заттар – әр модельден немесе модификациядан 3 дана;
сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар арнайы құралдар – әр модельден немесе модификациядан 4 дана;
сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы өнімдер – әр модельден немесе модификациядан 2 дана;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификациядан 15 бірлік ұсынылады.


 

1-қосымша

«Азаматтық және қызметтiк қарудың
және оған патрондардың
криминалистік талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

___________________________________________
      көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы,
      ________________________________________
      көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы

Құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының 41-бабының 1-тармағының басшылыққа ала отырып,      ____________________________________________________________________
      (аумақтық ішкі істер органының атауы мен мекенжайы)
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар мен объектілерді толық ұсынбағандықтан, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________;
2) ________________________________;
3) ________________________________ «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар мен объектілерді қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат 2 данада жасалды, әр жаққа бір-бір данадан.

Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә.(болған жағдайда) _______________
    (қолы)

20_____ жылғы «_____»
Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.(болған жағдайда)
_______________
    (қолы)

20_____ жылғы «_____»


 

2-қосымша

«Азаматтық және қызметтiк қарудың
және оған патрондардың
криминалистік талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне
№ ____ қорытынды

20____ жылғы «____» ________

Өтініш: 20____ жылғы «____» _________ кіріс № _______________________
Көрсетілетін қызметті алушы: ________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________

Криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша
ШЕШІМ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымша: қайтарылатын объектілер мен құжаттардың тізбесі бар тізімдеме _____ парақта.

Орындаушы:
_________________ _________________________
(қолы)       (Т.А.Ә.(болған жағдайда)

Сынау зертханасының басшысы:
________________  ________________________
(қолы)      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
М.О.

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті

20 ____ жылғы «___»________№ ________ қорытындының
анықтама парағы

 

Сыналған үлгінің
жалпы түрінің
фотосуретіне
арналған орын

(өлшемі 9×12)

Бұйым_____________________________________________________________
      (сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
__________________________________________________________________
              базалық үлгі модификациясының нөмірі,
__________________________________________________________________
              әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі)
Нәтиже ___________________________________________________________
              (сынау бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі)
Техникалық сипаттамалары: __________________________________

Орындаушы:
________________________   ____________________________
(қолы)               (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
Сынау зертханасының басшысы:
_________________________   ____________________________
(қолы)               (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
М.О.


 

3-қосымша

«Азаматтық және қызметтiк қарудың
және оған патрондардың
криминалистік талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

____________________________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы,
____________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы мен
____________________________________________
заңды мекенжайы, телефоны,
____________________________________________
электрондық поштасы

ӨТІНІШ

Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.

Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар ______ парақта және объектілер саны _______ данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________ парақта.

Мыналар:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

Басшы _____________ __________________________________________
               (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөрдің орны

Толтырылған күні          20____ жылғы «______» _______________


 

4-қосымша

«Азаматтық және қызметтiк қарудың
және оған патрондардың
криминалистік талаптарға сәйкестігіне
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗБЕСІ

р/с
Дараландыратын белгілерін
көрсете отырып, құжаттар
мен объектілердің атауы
Саны Қосымша
мәліметтер

Объектілерді тапсырған: ____________ _______ ________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
Объектілерді қабылдаған: ___________ _______ ________________________
(лауазымы) (қолы)  (Т.А.Ә.(болған жағдайда)