Февраль 25, 2017

«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға өтініш берілген сәттен бастап:
1) жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;
2) жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.
Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

 

Мемлекетік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз пайызын;
жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші (бұдан әрі – заңды тұлғаның өтініші) немесе жеке тұлғаның азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші (бұдан әрі – жеке тұлғаның өтініші);
мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты.
Қосымша:
азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған ұйым басшысы бекіткен олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;
сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына (бұдан әрі – кадастр) енгізілген жағдайда);
әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмесе);
көрсетілген қарудың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелген жағдайда);
экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсынуы көзделген жағдайда);
азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкетуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) және қорытындының көшірмесі;
осы қару басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі;
аңшылыққа қатысу үшін азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының көшірмесі;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;
аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат;
жеке тұлғалардың үшінші елде жеке пайдалануы үшін сатып алған азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:
сатып алынған қаруға аумақтық ішкі істер органы берген рұқсаттың телнұсқасы;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қаруға сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;
жеке тұлғалардың және спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды алу үшін:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулар;
жеке тұлғалардың аңшылыққа қатысу үшін азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкетуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымның өзге мемлекеттің аумағында болу мерзімі көрсетілген аң аулау шартының көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарын уақытша әкелу және әкету құқығына рұқсат құжаты;
тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкідетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын әкелу құқығына рұқсат құжатын ұсынады;
тұрақты тұру үшін келетін көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:
алушы жеке тұлғаға шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қарудың есептен шығарылғаны туралы рұқсат құжаты немесе хаты;
көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алуы үшін:
ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаты (шақыру);
көрсетілетін қызметті алушыға көрмеге қатысу үшін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын уақытша әкелу құқығына рұқсат құжат:
көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алуы үшін:
ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаты (шақыру);
сәйкестікті растау мақсатында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау):
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) ұйым басшысы куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификатциясы қоса беріледі;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;
әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізімеген жағдайда);
жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушыға атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелері (егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі);
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасы;
жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушыға) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
әкелілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі;
заңды тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен және қолымен куаландырылған көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен және қолымен куаландырылған көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасы (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімін, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтер (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжат (ресми аудармасымен);
өнім транзитіне байланысты көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі (ресми аудармасымен);
көрсетілетін қызметті алушыға транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжат және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжат;
жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушы мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушы атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелері. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының көшірмесі;
жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
әкелілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі немесе сақтандыру полисі;
2) порталға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Қосымша:
азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған ұйым басшысы бекіткен олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;
сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару кадастрға енгізілген жағдайда);
әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмесе);
көрсетілген қарудың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелген жағдайда);
экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының электрондық көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсынуы көзделген жағдайда);
азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрамдас) бөлшектері мен оның патрондарынҚазақстан Республикасының аумағына әкетуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) және қорытындының электрондық көшірмесі;
осы қару басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі;
аңшылыққа қатысу үшін азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органы шешімінің электрондық көшірмесі;
аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалардың үшінші елде жеке пайдалануы үшін сатып алған азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:
сатып алынған қаруға аумақтық ішкі істер органы берген рұқсаттың телнұсқасының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қаруға сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалардың және спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды алу үшін:
халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулардың электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысу үшін азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынаәкетуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымның өзге мемлекеттің аумағында болу мерзімі көрсетілген аң аулау шартының электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарын уақытша әкелу және әкету құқығына рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;
тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкідетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын әкелу құқығына рұқсат құжатың электрондық көшірмесін ұсынады;
тұрақты тұру үшін келетін жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушыға шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қарудың есептен шығарылғаны туралы рұқсат құжатының немесе хаттың электрондық көшірмесі;
көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алуы үшін:
ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаттың (шақыру) электрондық көшірмесі;
жеке және заңды тұлғаға көрмеге қатысу үшін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын уақытша әкелу құқығына рұқсат құжаттың электрондық көшірмесі:
көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алуы үшін:
ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаттың (шақыру) электрондық көшірмесі;
сәйкестікті растау мақсатында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау):
қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификатциясы қоса беріледі;
Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;
әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі (егер қару кадастрға енгізімеген жағдайда);
жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының атына берілген рұқсат құжаттарының электрондық көшірмелері (егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі);
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;
жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі.
Құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ нотариалды куәландырылған көшірмелерімен ұсынылады;
заңды тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының мөрімен және қолымен куаландырылған сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы өтінім берушінің мөрімен және қолымен куаландырылған шарттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасыныңэлектрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен);
өнім транзитіне байланысты көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен);
көрсетілетін қызметті алушының транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжаттың және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:
қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының атына берілген рұқсат құжаттарының электрондық көшірмелері. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
«транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;
жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;
жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін қоспағанда, барлық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен ұсынылады;
осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыға мәліметтер нысаны.


 

1-қосымша   

«Азаматтық және қызметтік қару  
мен оның патрондарын Қазақстан  
Республикасы аумағына әкелуге,  
Қазақстан Республикасы аумағынан 
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына 

Заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама)
бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
қорытынды алуға өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен
патрондарын әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(қарудың түрі, типі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі,
керегінің астын сызу)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(облыс, қала, аудан,елді мекен, көше атауы, үй/ғимараттың нөмірі)

Әкелуге (әкетуге) жауапты адамның Т.А.Ә. ____________________________
_____________________________________________________________________
(паспортының немесе жеке куәлігінің нөмірі)

Әкелінетін (әкетілетін) мемлекет ____________________________________

Әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден бекеті_________________________
Қару «___» ______ және «____» ______ аралығында әкелінеді (әкетіледі)
(қаруды уақытша әкелген (әкеткен) кезде толтырылады)

Телефоны ____________________________________________________________
______ парақ қоса беріледі.
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

Басшы _____________       ___________________________________________
(қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны                  Толтырған күні: 20__ жылғы « » ____________


 

2-қосымша   

«Азаматтық және қызметтік қару  
мен оның патрондарын Қазақстан  
Республикасы аумағына әкелуге,  
Қазақстан Республикасы аумағынан 
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына 

Жеке тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама)
бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
алуға өтініші

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке-сәйкестендіру нөмірі)

Азаматтық қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен патрондарын әкелуге
(әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(қарудың түрі, типі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі,
керегінің астын сызу)
Мекенжайы ___________________________________________________________
(облыс, қала, аудан,елді мекен, көше атауы, үй/ғимараттың нөмірі)

Әкелінетін (әкетілетін) мемлекет ____________________________________
Әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден бекеті_________________________
Қару «___» _______ және «___» ______ аралығында әкелінеді (әкетіледі)
(қаруды уақытша әкелген (әкеткен) кезде толтырылады)
Телефоны ____________________________________________________________
______ парақ қоса беріледі.

Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

Басшы _____________       ___________________________________________
(қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны                  Толтырған күні: 20__ жылғы « » ____________

Қару есептен алынды _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қару иесі тұрғылықты тұратын орнына кеткен кезде қару есепте тұрған
ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қарудың айналымын
бақылау жөніндегі бөлінісінің қызметкері толтырады


 

3-қосымша   

«Азаматтық және қызметтік қару  
мен оның патрондарын Қазақстан  
Республикасы аумағына әкелуге,  
Қазақстан Республикасы аумағынан 
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына 

Азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге
және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
қорытындыға мәліметтер нысаны

Жалпы ақпарат

  1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
    (заңды және жеке тұлға)
    2. ЖСН/БСН___________________________________________________________
    3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің
    нөмірі ______________________________________________________________
    Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
    Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________
    5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________
    Есептік құжаттама____________________________________________________
    6. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн ______
    _____________________________________________________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    7. Қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу
    журналын бастаған күн _______________________________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    8. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның
    патрондарын есепке алу журналын бастаған күн_________________________
    (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
    Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
    9. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны
    берген органның атауы _______________________________________________
    10. Соңғы пайдаланушының импорт серификатының нөмірі, берілген күні,
    оны берген органның атауы ___________________________________________
    11. Қару моделінің (патрондардың типтері) және пайдаланылатын
    патрондардың атауы мен белгіленуі туралы ақпарат, негізгі техникалық
    көрсеткіштері, қаруды дайындаушы ел мен фирманың атауы (қару
    кадастрға енгізілмеген жағдайда) ____________________________________
    12. Қаруды сақтауға, тасымалдауға, бекітуге жауапты адамды тағайындау
    туралы бұйрықтың нөмірі, күні _______________________________________
    (керегінің астын сызу)
    Заңды және жеке тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер _______________
    Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________
    Өтініш берген күн____________________________________________ _______
    (лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)   (қолы)