Февраль 25, 2017

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Дайын құжаттарды беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

 

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол:
– азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде – мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;
– шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат ресiмдеу кезiнде – мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:
1) жарамды ұлттық паспорт;
2) көші-қон полициясы бөлінісі берген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат;
3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
4) өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);
азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресімдеу үшін:
1) мемлекеттiк бажды төленгенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет;
3) мына құжаттардың бірі:
жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт (азаматығы тиесілі елдің елшілігі болмаған кезде);
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (азаматтығы жоқ адамның келу елінің куәлігі және бұрын берілген құжаттың беру мерзімі өткен кезде құжатты қайта рәсімдеу кезінде);
1974 жылғы үлгідегі паспорт (басқа мемлекеттің құзыретті органы берген келу елінің азаматтығының жоқтығы туралы анықтамасы болған кезде);
әскери билет;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).
«Азаматтығы жоқ адамдарды және шетелдіктерді тіркеу және құжаттандыру» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіруді көрсетілетін қызметті беруші халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақы төлеусіз жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының фото бейнесі суретке түсіру арқылы электрондық формулярға, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.


 

1-қосымша      

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

Өтінімдерді тіркеу талоны

  1. __________________________________________________________________
    (ХҚТ ТП пунктінің коды мен орналасқан орны)
    2. __________________________________________________________________
    (анықтама үшін төлефон нөмірі)
    3. __________________________________________________________________
    (өтінімді тіркеу талонының нөмірі)
    4. __________________________________________________________________
    (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі және тіркеу күні)
    5. __________________________________________________________________
    (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
    аты (бар болса) және туған күні)
    6. __________________________________________________________________
    (беру үшін құжат-негіз: түрі, нөмірі, берген күні, беру органы)
    7. __________________________________________________________________
    (мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы тапсыратын мемлекеттік қызмет)
    8. __________________________________________________________________
    (тапсыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті
    алушының құжаттары)
    9. __________________________________________________________________
    (мемлекеттік қызметті алған күні)

 

2-қосымша    

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

__________________________ бастығына
(ішкі істер органының атауы)
____________________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

Мен, __________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні
атқапараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20___жылғы «____»________________.
_____________________________________________________________________
(азаматтың қолы) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған күні)