«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының ұжымымен кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды талқылау болып табылады.

К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын жан-жақты түсіндіре келе,заң бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына себеп болған мән-жайларды жоюға бағытталған нақты шараларды ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Камал Қожахметұлы мекеме басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.

«Transparency International сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу бойынша үкіметтік емес халықаралық ұйым 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады. СЖҚИ рейтингінде елдердің жалпы төмендеуі аясында Қазақстан              31 ұпай жинап, 124 орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасындағы ең үздік нәтиже көрсетті» – деді Департаменттің бас маманы Жазира Салханқызы.

Сондай-ақ, жиында қоғаммен кері байланыс орнату маңыздылығы да талқыланып, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz  сайты жұмыс жасайтындығы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *