Азаматтардың өтініштері дер кезінде өз шешімдерін тапты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы             іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында іске қосылған «Қоғамдық бақылау картасы» «WhatsApp» нөміріне (87022015151) азаматтардан күнделікті әр түрлі сала бойынша шағымдар мен ұсыныстар келіп түсуде.

Соның бірі, Шымкент қаласы әкімі аппаратына қарасты «Халықтық кеңсенің» жұмыс телефондары ұзақ уақыттан бері жұмыс жасамай қоғамға қолжетімділік қамтамасыз етілмей тұрғандығы туралы шағым түскен.

Осыған байланысты, Департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері қала әкімдігінің жауапты мамандарымен бірлесіп іс-шаралар жүргізу барысында аталған мән-жайлар өз дәлелін тапқан.

Атап айтқанда, «Халықтық кеңсенің» 39-02-04 және 39-29-89 «Айпи» телефондары интернет арқылы қызмет көрсететіндігі, сәйкесінше интернетте техникалық ақаулықтар болған жағдайларда, аталған жұмыс телефондары істен шығатындығы анықталған.

Нәтижесінде, интернетке тәуелсіз қосымша 41-74-34 жаңа жұмыс телефоны іске қосылып, азаматтар «Халықтық кеңсемен» кедергісіз байланысуға қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *