Февраль 21, 2017

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

 

   

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап – 43 (алпыс) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;
2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.
3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;
5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, осы Қағидаларға сәйкес инвестор субсидия алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.
Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:
1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;
4) ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30 %-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.
Инвесторлардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде, комиссия қосымша құжаттар сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады. Бұл талап оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады.
Қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты инвестордың беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі.


 

1-қосымша                

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі   
инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған
шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру
бойынша субсидиялау» мемлекеттік     
көрсетілетін қызмет стандартына  

Нысан

Инвестициялық субсидиялауға өтінім

Кімге: ______________________________________________________________
(оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(инвестордың атауы)

Қатысушы туралы мәліметтер

1 Инвестордың атауы
2 Бірінші басшының Тегі, аты, әкесінің аты
3 Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама (нөмірі, берілген күні және орны, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі)
5 Заңды мекенжайы
6 Нақты мекенжайы
7 Банк деректемелері
8 Байланыс телефондары

Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы және ол іске
асырылатын/іске асырылған қаржы қаражатының көзі ____________________
_____________________________________________________________________

Инвестордың Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) және
қолы______________________________
мөр орны
(бар болса)

Оператор өтінімді қабылдаған күні 20__ ж. «____»_____________

Өтінімді қабылдаған адамның Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі _______________________

 

2-қосымша  

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі   
инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған
шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру 
бойынша субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына    

Басым бағыттар тізбесі

Р/с № Басым бағыттар
Бірінші топ
1. Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтандыру
2. Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту
3. Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын құру және кеңейту
4. Жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеңейту
5. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұңғымалар)
Екінші топ
6. Етті бағыттағы мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту
7. Құс шаруашылығындағы кәсіпорындарды құру және кеңейту
8. Суару жүйелерін құру және кеңейту
9. Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
10. Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
11. Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
12. Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
13. Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
14. Қант өндірісі
15. Май-тоңмай өнімдерін өндіру
16. Дәнді және майлы дақылдарды тереңдете қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
17. Кондитерлік өнімдер өндірісі
18. Бекіре және арқан балықтар түрлерін өсіру бойынша индустриялық балық өсіру кәсіпорындарын салу