Февраль 21, 2017

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау

 

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

 

     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім – 10 (он) жұмыс күні;
2-кезең: оң шешім болған жағдайда, субсидияны аудару – 38 (отыз сегіз) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
– осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш;
– кредит берудің мүмкіндігі туралы кредитордың оң шешімі бар хатты;
– кепілдік беру/сақтандыру туралы кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының хаты болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қағаз тасығышта өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы почталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын почта ұйымының белгісі болып табылады.


 

1-қосымша    

«Агроөнеркәсіптік кешен          
субъектілерінің қарыздарын         
кепілдендіру мен сақтандыру        
шеңберінде субсидиялау»          
мемлекеттік көрсетілетін          
қызмет стандартына             
              

нысан

Кімге _________________________
(өтініш жолданатын
_____________________________
ұйымының атауы)

Өтініш

Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігіне субсидия төлеуді сұраймын (қажеттінің астын сызу):

р/с
Деректер көзі Қажетті мәлімет Деректер
1 2 3 4
1. Толық атауы
2. Меншік түрі
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін тіркеу нөмірі
тіркеу күні
атауы
орналасқан жері
(заңды, нақты және электрондық мекенжайы, телефондары, факсы)
мемлекеттік тіркеу күні
кім берді
4. Жеке басты куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі
жеке сәйкестендіру нөмірі
кім берді
берілген күні
5. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін орналасқан жері
тіркеу күні
кім берді
6. Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс және үй телефондары
7. Құрылтайшылар Заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты, (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса)
8. Өтініш берушінің банктік деректемелері жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
жеке сәйкестендіру коды
Банктің атауы
бизнес сәйкестендіру коды
9. Негізгі қызмет түрі
10. Кредит (лизинг) сомасы, теңге/АҚШ доллары/ евро
11. Кредит (лизинг) беру мерзімі, ай
12. Кепілдендіру/сақтандыру сомасының мөлшері, теңге/АҚШ доллары/ евро
13. Кредиттің нысаналы мақсаты

Бірінші басшы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты
(лауазымы)                                 (бар болса)) (қолы)

Мөр орны 20__ж. «___» _______________
(бар болса)