Февраль 21, 2017

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу

 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

 

     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынуы қажет.
Қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, көшірмесіне кеңседе тіркелгендігі туралы белгі қою өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.


 

1-қосымша      

«Агроөнеркәсіптік кешен    
саласындағы дайындаушы    
ұйымдарды аккредиттеу»    
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына     
Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш

Кімге:_________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасының атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________ аккредиттеу жүргізуді сұрайды
_____________________________________________________________________
(Бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі және күні)
_____________________________________________________________________
(орналасу орнының мекенжайы)

Ұйым басшысы

_______________ ______________________
(қолы) (Тегі, аты және әкесінің аты) (бар болған жағдайда)

мөр орны 20 __ жылғы « __ » __________
(бар болса)