Февраль 25, 2017

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік
тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш;

2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі.


 

Қосымша     

«Авариялық-құтқару қызметтері мен 
құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына қосымша      

 

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Төтенше жағдайлар департаменті
(облыс немесе республикалық
маңызы бар қала көрсетіледі)
басшысы (бастығы)     
______________________ мырзаға

Өтініш

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеуге (есептік тіркеу)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасын басшылыққа
ала отырып, Сізден авариялық-құтқару қызметін (құрылымын)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
тіркеуді сұрайды.
Қосымша авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе
түрлерін жүргізу құқығына куәліктің көшірмесі.
_________________________________________     _______________________
(көрсетілетін қызметті алушының лауазымы)     (көрсетілетін қызметті
алушының қолы)