«SANTO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 7 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова «Santo» компаниясының ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында Департаменттің бас маманы Жазира Салханқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасы Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.  Сонымен қатар, қатысушыларға ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қатынастарда ұжымдық әдепті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

SANTO компаниясы – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін халықаралық фармацевтикалық Polpharma тобының мүшесі болып табылады.

Компания  алты елдің – Ресей, Украина, Қырғызстан, Монғолия, Түркменістан нарықтарына экспорттауды жүзеге асырады және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

SANTO компаниясы Қазақстан фармацевтикалық нарығының жетекшісі бола тұрып, қоржынында терапияның түрлі салаларында ауруларды емдеу үшін                            12 фармакотерапевтикалық тобында 200-тан астам генерикалық дәрілік заттарының өндірушісі болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *