2017 жылы қол жеткізген Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы қызметінің негізгі нәтижелері

Мақсаты: кәсіби мемлекеттік аппаратты құру
1. Алғашқы рет Бірыңғай құзыреттер шегіәзірленді және сынамадан өткізілді. Ол кадрларды іріктеуді және жоғарлатуды жеке құзыреттерді бағалау (кандидаттың кәсіби және басқа қасиеттері)және тәуелсіз сарапшылар мен бақылаушылардың қатысуымен өтетінкомиссия шешімінің негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұның алдында бұл жұмыс тек заңнама бойынша тестілеудің нәтижесі мен ведомстволардың жабық түрде өтетін отырыстардағы сұхбаттасу түрінде жүргізілген.
2. Алғашқы рет лауазымдарды бағалаудың факторлық-балдық шкаласын қолдану арқылы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жасалды. Лауазымдық еңбекақының көлемі құзыреттіліктің деңгейі, тапсырмалардың күрделігі және нәтижеге жету үшін жауапкершіліктің дәрежесіне негізделіп анықталады. Бонустар ұйымның жалпы мақсатына жетуге қосқан үлесіне қарай есептеледі(төленеді). Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында теңдеушілік тәсілден бас тартып, еңбекақы төлеуге көшті жәнежұмысшыларды материалдық ынталандырудың пәрменді тетігін құруда.
3. Меритократия қағидатын реттілігімен енгізу, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын күшейтуге және кадр үлкен тұрақсыздығын тоқтатуға мүмкіндік берді. 2015 жылмен салыстырғандақызмет саласын ауыстыруға ынталылардың саны екі есеге төмендеді. Ескере өту керек, бірінші жылдың көлемінде жаңа келгендердің 1,3%ғана мемлекеттік қызметтен кетеді. ЭЫДҰ-ның елдерінде бұл көрсеткіш АҚШ-та 2,7% Эстонияда 24,5% дейін өзгеріп тұрады. 2017 жылы конкурстардың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі жоғары тұрған лауазымдарға ие болды. Конкурстан тыс тағайындаулардың саны 18 есеге қысқартылған.
Алғашқы рет қоғамға ең жабық мемлекеттік құрылымдар болып табылатын құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу барысында меритократия қағидатын енгізу бойынша жұмыстар басталды.
4. Алғашқы рет мемлекеттік қызмет саласында адам ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын енгізу басталды. 2017 жылдан бастап мемлекеттік органдардағыHR-процесстеріне талдау және мониторинг 2016 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген
«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің көмегімен іске асырылуда.

5. Алғашқы рет ЭЫДҰ Есебі әзірленді және жарияланды. Мұнда Қазақстан және осы ұйымның қатысушы елдерінің мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын басқаруының салыстырмалы талдауы қамтылған. Есептің авторлары кәсіби мемлекеттік қызметті құрудағы елеулі іргелісті атап өтуде және «Қазақстанда мемлекеттік қызметтің басқаруын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ЭЫДҰ елдерімен ортақ тәсілдерді қолданады» деген қорытынды жасауда.Бұл еліміздің үлкен жетістігі.
Мемлекеттік қызмет саласында не күтілуде:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру арнасында мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.Агенттік «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады. Бағдарлама аясында өзгерістердің басты агенттері болатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін және ойлауын трансформациялау дәржесін арттыру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілерге лауазымдарды бағалауда факторлық-балдық шкаланы қолдану арқылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін анықтау іске асырылады. Пилоттық жобаға Агенттік, әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облысы әкімдіктері қатысады.
3. Мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың әсерлі тетігін қалыптастыру бойынша мақсаттар қойылды. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, жылжыту және бағалау бойынша талаптарын бұзудың кез келген деректері тез арада тоқтатылатын болады, ал бұған айыпты лауазымды тұлғалар қызметінен босатуға дейінгі ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру бойынша шаралар кешені қаралған. Құжаттармен жұмыс жасаудан адамдармен жұмыс жасауға көшу мемлекеттік органдардың кадр аппаратының трансфармациялануының негізгі қағидаты болады.
4. «Цифрлық Агенттік» бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Бағдарлама аясында заманауи IT-технологиялар негізінде жұмыстың инновациялық түрлері мен әдістеріне ауысу, соның ішінде
«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін қолдану арқылыіске асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы бойынша электронды қылмыстық істерді қалыптастыру бойынша тәжірибе басталады. Бұл өз кезегінде, сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық кезеңдерінде бақылаудың тиімділігін арттыруға және тексеру мерзімдерін қысқартуға алып келеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын бақылау бағытындағы Агенттік жұмысының негізгі қорытындылары

Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
1.Азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды кең көлемде тарту есебінен «Жасырын тұтынушы» жобасы шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау тиімділігі артты. Жыл бойында 900 тексеріс өткізіліп, 370 мың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің әкімшілік регламент пен стандарттарды сақтамау деректері және басқа да заңбұзушылықтар анықталды. Ең көп заңбұзушылықтар еңбек және әлеуметтік қорғау (39%), сондай-ақ ауыл шаруашылығы (32,5%) салаларында анықталды. Тәртіптік жауапкершілікке 587 лауазымды тұлға тартылып, 200-ден астам әкімшілік істер қозғалды. Нәтижесі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының, табиғи монополиялар субъектілерінде және қызмет көрсететін басқа да мекемелердің көпшілігінде қызмет көрсету сапасы артты.
2.Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау. Ресми реестр тиісті регламенттер және стандарттармен реттелетін 746 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Алайда, мемлекеттік органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың көбі реестрге кірмей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатып, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Жалпы санағанда 300 жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталып, олардың 54 реестрге қосылып, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
3.Агенттіктің бастамасымен 1,8 млн астам адамды қамтыған азаматтарды мемлекеттік ккөрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға үйрететін оқыту еліміздің барлық аумақтарында ұйымдастырылды. 2014 жылмен салыстырғанда мемлекеттік органдармен тікелей қатынас болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағаз жүзінде алу екі есеге қысқарды. Егер бұрын көрсеткіш 60% болған болса, 2017 жылы 28%-ға дейін қысқарды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласында не атқарылуы қажет:
1.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды жеделдету және баламасыз электронды түрге ауыстыруға баса назар аударылады. Осы бағытта Агенттік осы жылдың аяғына дейін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрге ауыстырылады.
2.Ерекше назарды жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «бір өтініш» кешенді принципінен ауыстыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға аударылады.
3.Цифрлық технологиялар негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен тұрғындардың қанағаттану деңгейін анықтау жүйесі жасақталады. Ол үшін нақты уақыт режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы мобильдік қосымшаны қолдану қарастырылуда.
4.«Жасырын тұтынушы» жобасының ауқымы кеңейтіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың ролін көтеруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.
5.Агенттік жанынан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орталығы ашылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері

1. Алғашқы орынға жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар шықты, ең алдымен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін айтуға болады. Сонымен бірге алғаш рет қоғамдық ұйымдармен күш-жігерді біріктіруге баса назар аударылды. Атап айтқанда, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнесті дамытуға маңызды 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалды. «Нұр Отан» партиясы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тұрғын-үй қатынастары салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, талдау бойынша жұмысты ұйымдастыруға ықпал етті. Кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен осындай жұмыс мұнай-газ және тау-кен салаларында жүргізілді. Іс-шаралардың қорытындысы бойынша тиісті мекемелер мен ұйымдарға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында 3 мыңнан астам ұсынымдар жолданды. Жемқорлық тәуекелдеріне талдау көрсеткеніндей, олардың көпшілігі рәсімдердің жетілдірілмеуінен, дискретті уәкілеттермен және мүдделер қақтығысымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қылмыстық істерді тергеу нәтижесінде 12 салада жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, 9 заң мен 42 заңға қосымша актілерге өзгерістер енгізуге негіз болды.
2. 2017 жылы үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қолға алынды. Азаматтық альянстың қатысуымен
Азаматтық бастамалар конгресі өткізіліп, бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің механизмі болмақ. Жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыруда этномәдени және діни бірлестіктердің әлеуетін пайдаланудың алғашқы қадамдары жасалды. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, «Жолдарда сыбайлас жемқорлықты жоюдың 10 қадамы» атты жоба жүзеге асырылуда. Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен барлық өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша мобильдік топтар жұмысын бастады. Олар 6,5 мыңнан астам еңбек ұжымдарын қамтыды.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында басты назар жүйелі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың анықтау және жолын кесуге бағытталды. 2017 жылы осындай 108 дерек анықталып, қылмыстық жауапкершілікке 320 адам тартылды. Барлығы 1853 жемқорлық бұзушылықтары тіркелді (2016 ж. Салыстырғанда 18% кем). Олардың дені парақорлықпен – 40% (988), жымқыру деректері – 33% (808) және лауазымды уәкілеттіктерін теріс пайдалану – 11% (261). Анықталған жемқорлық қылмыстардың көпшілігі – әкімдіктердің (718), ішкі істер органдары (323) және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен жасалған (239). Жемқорлық тәуекелдері үлкен салаларға – білім беру (201), ауыл шаруашылығы (183), құрылыс (158) және денсаулық сақтау (101) жатады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан келтірілген жалпы шығын 15,8 млрд. теңге, олардың 14 млрд немесе 88% мемлекетке қайтарылды. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында орын алған 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмыстар ашылып, 5,3 млрд. теңге көлемінде шығын келтірілді, олардың 87% (4,6 млрд. теңге) мемлекетке қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жаңадан не атқарылады:
1. Агенттік ұсынымдарының орындаушылығын арттыру және формальды бюрократияны азайту мақсатында, уәкілетті органның түсіндірулерін жалғай отырып, үнемі жаңартылып тұратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қоғамдық реестрі жасақталады. Бұл жағдай қоғамдық сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын бақылаудың деңгейін көтереді.
2. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, «Астана – адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылып бастайды, бұл жоба әкімшілік (тұрмыстық) жемқорлықты жоюдың негізі және үлгісі болмақ. Жобада сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамаудың, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен басшылардың жеке жауапкершілігін қамтамасыз етудің, азаматтық бақылауды дамытудың, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолайлы жағдай жасаудың кешенді шаралары қамтылған. Жоба сынақтан өткеннен соң басқа да аумақтарға енгізіледі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру мақсатында «Қоғамдық бақылаудың картасы» жобасы дайындалып, жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді инфрақұрылымын ең алдымен аудан деңгейіндегі қалаларда және ауылдық округтерде жасақтауды көздейді. Ерекше назар азаматтармен әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы өзара іс-қимылға аударылатын болады.
4. 2017 жылдың желтоқсан айында Елбасының бастамасымен қабылданған «Құқық қорғау қызметінің процессуалды негіздерін модернизациялау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, сотқа дейінгі кезеңде азаматтар құқықтарын қорғауға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы репрессивтілік деңгейін азайтуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *