1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті қызметкерлері             1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті.

Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері арасында Әр тілде мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, І-ші орынды Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л.Мырзараимова, ІІ-ші орынды Әкімшілік басқармасының жетекші маманы А.Джаксылыкова иеленді.

Департамент басшылығы барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, сайыс жеңімпаздарын арнайы дипломдармен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *