ӨҢІРЛІК МУЗЕЙЛЕР МЕН КІТАПХАНАЛАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БҰРЫШТАМАЛАР ІЛІНГЕН

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігі және заңның үстемділігі жайлы айтылған болатын.

Бұл ретте жемқорлықпен күресті жалпы қоғам болып жұмыла, бірлесе жүргізу қажет.

Осы орайда, жастар мен жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды болып табылады. Өңірде 428 кітапхана мен 25 музейдің барлығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы бұрыштамалар да ілінген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *