ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫЙБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі                  (әрі қарай – Қызмет)  мемлекеттік мекемесінде семинар ұйымдастырды.

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресудің тиімді әдістерін талқылау, тәртіптік құқық бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау.

Іс-шараға Қызметтің және Шымкент қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінің офицерлік құрамы қатысты.

Семинарды Қызмет басшысының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Қ.Арсланов ашып берді.

Іс-шара барысында Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасы Жолдауындағы негізгі тапсырмалардың бірі екендігін атап өтіп, Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру тетіктері мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларының сақталуына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *