ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның тақырыбы Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетін жүзеге асырылу барысына негізделген.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Қаратау аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Турдалин және мекеменің жеке құрамы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *