Өз арамызды тазарту және жемқорлыққа қарсы тұру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен жылы 1835 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, бұл 2016 жылға қарағанда 18%-ға кем. Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 108 фактісі әшкереленді. 320 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

5 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Қабылданған шаралардың арқасында мемлекет қазынасына 14 миллиардқа жуық теңге қайтарылды.

Бұл туралы 31 қаңтар күні Агенттік төрағасы А.Шпекбаев ведомствоның кеңейтілген алқасында мәлімдеді.

Оның айтуынша мұнда Агенттіктің соңғы үш жылдағы қызметі айтарлықтай әсер еткен.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын сапалы жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі мемлекеттік аппараттың тазалығы болып табылады.

Алик Шпекбаев атап өткендей, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне байланысты.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне шетелдік компаниялардың қызметіне  тексеруші органдардың заңсыз араласуына жол бермеу тапсырылған.

«Әрқайсымыз күнделікті жұмыста жемқор сыбайлас жемқорлықпен күресуге моральдық құқығы болмайтындығына, тіпті, басқаларды жемқорлықпен күресуге оқытуға құқығы жоқ екендігіне сенімді болуымыз керек.

Ішкі жемқорлықтың әрбір фактісі тиісті қылмыстық-құқықтық салдарымен кеңінен жариялануы қажет» – деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *