Өзгерістердің негізгі агенттері

31 қаңтар күні Алик Шпекбаевтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтті.
Отырыста мемлекеттік органның өткен жылғы жұмысы қорытылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сұрақтарын тиімді жүзеге асыру мен мемлекеттік қызметтің өзекті даму үрдістері қаралды.
Сонымен қатар, Алик Шпекбаев таяу болашақтың үлесіндегі басымдықтар мен міндеттер туралы айтып өтті.
«Өзгерістерге тезірек бейімделуге мүмкіндік беретін жаңа форматта жұмыс жасау аса маңызды» – осы ұстанымға Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ерекше назар аударылған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытына жетекшілік ете отырып, біз өзгерістердің негізгі агенттері болуы тиіс мемлекеттік қызметшілердің ой-санасын кең ауқымда трансформациялауды жоспарлап отырмыз» – деп атап өтті.
Жоба мемлекеттік органдарды, сондай-ақ құқыққорғау, сот органдары мен олардың қарамағындағы ұйымдар және квазимемлекеттік секторды жаңғыртуға бағытталған.
Жобаның басты мақсаты – дәстүрлі бюрократиялық үдерістерден бас тартып, еңбекті заманауи және тиімді тәсілдерге бейімдеп ұйымдастыру.
Мемлекеттік аппаратың жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметкерлер және халық үшін елеулі өзгерістер бұл жұмыстың қорытындысы болады.
Агенттік мемлекеттік қызметті өзгертіп және түрлендіре отырып, мемлекеттік аппаратты Қазақстан динамикалық және қарқынды дамуын қамтамасыз ету механизміндегі тиімді элементке айналдыруға ұмтылады.

«Жасанды интеллект хаттардың үлгілерін жасап, деректерді жылдам өңдеп, мәліметтер және әртүрлі мәселелердің шешу жолдарын ұсынады, яғни бүгінгі күні қазақстандық мемлекеттік қызметшіден талап етілетін барлық нәрсені біледі.
Демек, даму барысында басымдық машинаға қолжетімді емес, тек адамдарға тән көшбасшылық, адамдармен тіл табысу, бастамашылық, жанашырлық таныту, сыни ойлау сияқты «өзіндік дағдыларға» берілуі тиіс», – деді Алик Шпекбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *