ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН 2 КҮНДІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің әдептілік денгейін жетілдіруге арналған кешенді жоспарға сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған 2 күндік оқыту семинары өткізілді.

Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ОҚО бойынша филиал директоры З.Қабылбекова ашып берді.

Сондай-ақ, семинарда Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, облыстық әділет департаментінің басшысы О.Тастанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры, «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, психология ғылымдарының докторы Г.Аяпбергенова және психолог З.Елемесова дәріс оқыды.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функциялары мен олардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен корпоративтік мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ сұқбат беру мәдениеті, шиеленіс кезіндегі стресске төзімділік және т.б. тақырыптар талқыланды.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет жүйесінде әдеп жөніндегі уәкіл институты 2016 жылдан бастап Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру негізінде енгізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *