ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

азақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында 6 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралып, төмендегі шешімдер қабылданды.

1) ОҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Ергашеваға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң)  50-бабының 1-тармағы  4) тармақшасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 5 тармағының 3), 11) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

2) Мақтарал ауданы Қарақай ауылдық округінің әкімі Т.Ташеваға Кодекстің 5 тармағының 3), 11) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

3) Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Искаковқа Заңның  50-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

4) Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары  Б.Керимжановқа  Заңның 50-бабының 1-тармағы 4), 11) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

5) Ордабасы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы  Б.Алишевке Заңның  50-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

6) Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құрымбекке Заңның  50-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің 2017 жылғы 28 наурыздағы шешімдерінің орындалуы бойынша Департаменттің Басқарма басшысының және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы  Бәйдібек, Мақтарал, Төлеби аудандары әкімдерінің орынбасарлары және ОҚО білім басқармасы басшысы орынбасарының есептері тыңдалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *