ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының 17.01.2018 жылғы №488 хатының қаралу қорытындысы бойынша Әдеп кодексінің 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұзып, масаң күйде қызметтік автокөлікпен адам қаққаны үшін Ордабасы ауданы Бөржар ауыл округінің әкімі Б.Дүйсенбаевқа «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, ОҚО әкімі аппаратының 02.02.2018 жылғы №01/1004 хатының қаралу қорытындысымен Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д. Асылбекке Әдеп кодексінің 5-тармағының 7) тармақшасының талаптарын сақтамай, дөрекілік көрсеткені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Кентау қалалық әкімдігіне Әдеп кодексі талаптарының қатаң сақталуын қадағалап, құқықтық оқытулар өткізу туралы ескертпе хат жолданды.

Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д.Асылбектың Әдеп кодексі талаптарын сақтамау дерегі екінші рет орын алып жатқандықтан, оның әдептілік деңгейін арттыру мақсатында Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығына оқытуға жіберу ұсынылды.

ОҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 02.02.2018 жылғы №05-14/453 хатының қаралу қорытындысы бойынша Әдеп кодексінің                               5-тармағының 11) тармақшасының талаптарын сақтамастан, мемлекеттік сатып алу келісім-шартына сәйкес аяқталмаған жұмыстарға алдын-ала қаржы аударғаны үшін Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық бөлімінің басшысы А.Асанов пен Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Г.Полатовқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларындағы 2017 жылы көрсетілген қызметтердің «Электронды үкімет порталы» арқылы көрсету үлесі төмен мемлекеттік органдардың (ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары А.Иманалинаның,  Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Асылбектің, Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Х.Кеңестің, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Нышанбаевтың) қорытынды есептері тыңдалды.

Аталған мемлекеттік органдардың есебі І-тоқсан қорытындысымен қайта қаралып, электронды көрсетілетін қызметтердің үлесін арттырмаған жағдайда, тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *