ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры, «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов және облыстық жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев Түркістан қаласының мемлекеттік қызметшілерімен және мектеп директорларымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының сақталуын қадағалау, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ, қажет деп танылған жағдайда сала қызметкерлерінің құқығын қорғауды үйлестіру болып табылады.

Кездесу барысында Абдулла Ахметұлы облыста Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша Пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы құқық бұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерін анықтауға бағытталғанын жеткізді.

Облыстық жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқырмандардың түрлі наразылығын тудырып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің дөрекілігі жөніндегі мысалдарды келтіре отырып, бүгінде мемлекеттік қызметкерлерге деген халықтың талабы күшейгенін ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *