ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен (әрі қарай – Басқарма) бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның тақырыбы Мемлекет басшысының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші міндетінің жүзеге асырылу барысына негізделген.

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда алдын алу шараларын енгізудің маңызды рөлін түсіндіру, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Іс-шараға Департаменттің бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшесі Б.Тұяқбаев, Шымкент қаласының ІІБ полиция капитаны Ғ.Ержігітов, «Абдулл Хамит Хаттани» орталық мешітінің найб имамы О.Қанафин және басқарманың жеке құрамы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *