Құрметті «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының қатысушылары!

2018 жылғы15 наурызда Республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды.

Қазіргі уақытта  Қазақстан бойынша 450-ден астам мемлекеттік қызметші  конкурсқа қатысуға ниет білдірді.

Республикалық конкурстың бірінші кезеңін өткізу шеңберінде байқауға қатысушыларды бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды  білу бойынша тестілеу қарастырылған.

Барлығы 5 құжат бойынша 50 тестілік сұрақ («Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Қазақстан – 2025», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президент жолдауы 10.01.2018,  «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары) ұсынылған.

Әр бір сұраққа жалғыз дұрыс жауабы бар 5 жауап нұсқасы ұсынылады. Дұрыс жауапқа 2 балл қойылады, ең жоғары саны 100 баллды құрайды.

50 және одан жоғары балл жинаған қатысушылар конкурстың келесі кезеңі – өңірлік әңгімелесуге (өңірлік конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесу)  жіберіледі.

Бірқатар облыстарда және өңірлерде су тасқынына салдарынан төтенше жағдай хабарланғандықтан, алыс аудандардағы қатысушылардың қозғалысына қиындық келтіруіне байланысты, ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ 2018 ЖЫЛДЫҢ
7 СӘУІРІНЕ
ауыстырылды.

Тест орталығының байланыс ақпараттары.

Аймақ ТАЖ Байланыс телефоны Мекен-жайы
Шымкент Егизбаев Азамат Дәрібайұлы 97 83 23

87473941631

160018, г. Шымкент, р-н Аль-Фараби,3

ул. Жангельдина 17

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *